БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУ

Дұрыс тамақтану-баланың үйлесімді өсуі мен дамуының, оның әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан TAMOS SPACE SCHOOL  мектебінде біз бұл мәселеге ерекше назар аударамыз.

Біздің оқушылар үшін теңдестірілген төрт мезгіл тамақтану ұйымдастырылды. Ол калория мөлшері мен ақуыздар, майлар мен көмірсулардың мөлшері бойынша қажетті диетаны ғана емес, сонымен қатар пайдалы, табиғи және сонымен бірге баланың талғамына сәйкес келетін рецепттер мен ингредиенттердің оңтайлы үйлесімін қамтиды. Сондай-ақ, мектептегі кондитерлік өнімдер мен сусындардағы қанттың аздығын атап өту керек.

 

 


Біздің оқушылардың ата-аналары апта сайын тағам жайынан хабардар болу үшін асханадан ас  мәзірін алады.