Мектебімізде ерекше қонақта ҚР Журналистер одағының мүшесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеуші, «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры Тұрар Сәттарқызы Шәкен болды.
Оқушыларымызға тағылымы мол, әсерлі дәріс оқып, ұлтымыздың тілі, дәстүрі мен мәдениеті туралы құнды мәліметтермен бөлісті.
Осындай ұлттың рухани байлығын насихаттайтын тұлғалар көбейе берсін деп тілейміз. Сізге уақыт бөліп, білім мен тәжірибеңізді бөліскеніңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз!