Әліппемен қоштасу” – бұл 1-сынып оқушылары үшін ерекше әрі маңызды мереке. Біздің мектепте бұл күнді жылы атмосферада, көтеріңкі көңіл-күймен атап өттік. Балалар «Әліппе» кітабы арқылы алғаш рет әріптермен, сөздермен танысып, оқуды және жазуды үйренді. Осы уақыт ішінде олар үлкен жетістіктерге жетіп, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, әндер айтып, көріністер қойды. Әліппемен қоштасу – жай ғана кітапты аяқтау емес, бұл – білім жолындағы алғашқы белес.
Біздің мектеп үшін бұл – жыл сайынғы дәстүрге айналған ерекше мереке. Жас бүлдіршіндерге алдағы оқу жолында сәттілік тілейміз
«Әліппемен қоштасу»мерекесінің толық нұсқасын біздің мектептің YouTube арнасынан тамашалай аласыз!