+
TAMOS SPACE SCHOOL ФИНДІК ТӘСІЛ: ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ОҢ ПЕДАГОГИКА
Финдік білім әлемдегі үздік білім деп саналады, өйткені оның мақсаты – бақытты ұрпақты тәрбиелеу. Бұл тәсілдің тәжірибесі оқу процесін ұйымдастыруда Финляндияны халықаралық үлгі ете отырып, өзін 100% ақтады.
Tamos Space School мектебі үшін финдік тәсілді қолдану оңай міндет болмады. Бұл көбінесе ТМД-ның көптеген елдерінің негізгі білімінің ерекшелігімен түсіндіріледі. Дегенмен, түпкі мақсатты нақты түсіну - Tamos Space School басшылығын табысқа жетуге талпындырды.
Мұндағы оқытуға деген негізгі тәсіл - позитивті педагогика мен фин әдістемесінің негізінде балаларға басқаша қарым- қатынас жасау болып табылады.
Мұғалімнің міндеті - баламен ынтымақтаса жұмыс жасау, баланың мектепке жақсы көңіл - күймен баруы үшін оның жеке ерекшеліктерін білу.
Бастапқы буында жаттап келу деген болмайды, балалар тым көп материалдармен жүктелмейді, біз таным процесін ойынға айналдырамыз. Бұл тәсілмен оқуға баланың өзі тартылады. Ол көбірек білуге қызығушылық танытады, сабақта мұғалімді тыңдап, білімге ұмтылады. Ал біз оқушылардың қызығушылығын өзіндік позитивті педагогикамен оятуға тырысамыз. Бұл тәсіл балаларды шаблондармен емес, ойлауға және өз пікірлерін еркін айтуға үйретеді.
TAMOS SPACE SCHOOL ФИНДІК ТӘСІЛДІҢ ҮШ АКАДЕМИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ
1. Баланың оқуға сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын ояту
2. Оқушы өз пікірін айтудан қорықпауы үшін сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту. Мектепте "Дұрыс емес деп ойласаңыз да айтыңыз"деген ереже бар
3. Тақырыптар бойынша қосымша ақпаратты өз бетінше табуға тырысу
Мектепте көрсетілген мақсаттардың әрқайсысына қол жеткізу үшін нақты әдістер мен құралдар қолданылады. Жыл сайын мектеп деңгейінде білім беру жүйесін жетілдіре отырып, біз оқытуда жаңа стандартты емес шешімдерді енгіземіз. Біз мектептің әлеуметтік желілерінде және жеке экскурсияларда нақты ашық айтамыз.