БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ
Біз еліміздің дамуына үлес қосуға және әлемді жақсы жаққа өзгертетін идеяларды іске асыруға қабілетті, қазіргі заманның жаһандық проблемаларына бей-жай қарамайтын кең ойлы, ізденімпаз және түлектерді дайындап жатырмыз.
БІЗДІҢ ЖҰМЫСТАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ БЕН БАСЫМДЫҚТАРЫМЫЗ
ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ НЕГІЗІ
Мына жағдайда қол жеткізіледі:
- әр оқушының бойында оның қабілетін көруге және оны мықты етуге бағытталған позитивті педагогика
- эмпирикалық тәжірибеге молынан және теорияға аз деңгейде құрылған сабақтар
- жаңа біліммен қатар коммуникативті дағдыларды дамытатын және өзін-өзі таныстыруды үйрететін Жобалық іс-шаралар
- жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту бойынша жұмыс, сондай - ақ балалар бойында адамгершілік патриотизм және жаһандық азаматтықтың берік негіздерін қалыптастырамыз
ҚАУІПСІЗДІК
Мына жағдайда қол жеткізіледі:
- мектепке қатаң өткізу жүйесі, мектептің жабық периметрі, оқушылардың келуі/кетуі кезінде қауіпсіздікті күшейту
- заманауи кешенді бейнебақылау жүйесі, Face ID
- оқушы мектептен тасымалдаумен жүретін болса, мектепке кіруге рұқсаты бар ересек адам алып кетсе немесе кезекші қызметкердің сүйемелдеуімен ғана шыға алады, сондай - ақ оқушы мектептен өз бетінше кетуі үшін ата-ана өтініш жазуы керек
- оқушылар арасында да, мұғалімдер тарапынан да әдепсіз мінез-құлықтың әртүрлі көріністерін болдырмайтын жайлы орта құру
Біз ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарын интеграциялауға негізделген, оқушыларымыздың жан-жақты дамуына бағытталған және қазіргі әлемде қажетті сұранысқа ие дағдыларды игеруге ықпал ететін сапалы білім беруге ұмтыламыз.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Мына жағдайда қол жеткізіледі:
- балалар арасындағы қарым-қатынасқа, физикалық белсенділікке арналған рекреациялық аймақтар, міндетті түрде күнделікті ашық ауада серуендеу
- күні бойы ұзақ уақыт табиғи жарықтандыру (атриумның панорамалық төбесі, сыныптардағы қабырғадан қабырғаға дейінгі терезелер)
- міндетті түрде балық/құс еті қосылған тағам, дәрумендерге бай, жасушаға пайдалы түрлі салаттар мен табиғи сусындары бар салауатты 4 мезгілдік тамақтану
- мектептің медициналық қызметі тарапынан оқыту-әр түрлі тақырыптағы дәрістер: жалпы гигиена нормалары, тамақтану мәдениеті және т. б.
ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ
Мына жағдайда қол жеткізіледі:
- мектептегі барлық қарым-қатынастар балалар мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын сенімге, сондай-ақ ұжым ішіндегі қарым-қатынасқа негізделген
- серіктестік қатынастар негізінде біздің қоғамдастықтың барлық мүшелері арасында , яғни оқушылар, педагогтар, әкімшілік және мектептің басқа да қызметкерлерін өзара сыйластыққа тәрбиелеу
- оқушының пікірі мұғалім үшін маңызды және құнды екенін білген әр оқушыны өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу
- төзімділік, сондай-ақ жанашырлық пен немқұрайлы қарамау атмосферасы
Біз оқу процесіне заманауи өмірдің талаптарын енгізуге тырысамыз, сондықтан академиялық білімді өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларымен, адамның әлемдегі маңызды рөлін түсіну мен ойлау кеңістігін кеңейтеміз.
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ
Мына жағдайда қол жеткізіледі:
- біздің мектепте мұғалім-бұл оқушыға жаңа материалды бір ғана дереккөзбен шектемей игеруге және меңгеруге көмектесетін ақпарат жеткізушісі, сондықтан біз оқушыны креативті және сыни тұрғыдан ойлауға және өздігінен білім алуға ұмтылуға үйретеміз
- біздің мектептің оқу бағдарламаларының негізіндегі пәнаралық тәсіл - түрлі ғылымдар тұрғысынан бір тақырыпты түсіну мен қабылдау көкжиегін кеңейтеді
- әр пән бойынша оқушылар жобаларды жасайды және қорғайды, ал жоба идеясын құру және ақпаратты іздеу тек өз бетінше жүзеге асырылады,
- оқу практикасы өздігінен алынған білім жадыда ұзақ сақталатынын көрсетеді
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
Мына жағдайда қол жеткізіледі:
- біздің оқу бағдарламамыз оқушылардың қазіргі заманның жаһандық проблемаларын түсінуіне, әлем халықтарының мәдениеттеріне құндылық қатынасын дамытуына, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруына бағытталған
- біз оқушы бойында жалпы адамзатқа негізделген жан- жақты ортақ құндылықтар - жауапкершілік, жанашырлық , ынтымақтастық секілді түрлі құрметтеу сезімін қалыптастырамыз
- біз оқушыларымызды өз елінің, сонымен қатар әлемдік қоғамдастықтың да жауапты азаматтары болуға шақырамыз, осылайша олар бейбіт және тұрақты әлем құру үшін жергілікті, ұлттық және жаһандық деңгейде тиімді және жауапты қызмет атқарады
Біздің мектеп балаға басты нәрсені - жаһандық азаматтық кеңістікте болашағы зор, жетістігі мол өмірді үйрететініне сенімдіміз.