TAMOS SPACE SCHOOL-дегі CAMBRIDGE БАҒДАРЛАМАСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМГЕ ЕСІК АШЫҢЫЗ 

2023 жылдың жазында TAMOS SPACE school ресми Cambridge International School мәртебесіне ие болды және бүгінгі таңда сізге Кембридждің халықаралық оқу бағдарламасын мақтанышпен ұсынады.

Cambridge Assessment International Education - 5-19 жастағы оқушыларға арналған халықаралық білім беру бағдарламаларын ұсынатын әлемдегі ең ірі ұйым. Кембридж университетінің бай мұрасына негізделген Кембридждің халықаралық оқу бағдарламалары 160 елдегі 10 000-нан астам мектептерде қолданылады және бүкіл әлем бойынша университеттер, білім беру ұйымдары және жұмыс берушілер оқу бағдарламарын ресми түрде мойындайды.

Cambridge Assessment International Education бағдарламасы білім берудің әлемдік стандарттарын ескере отырып әзірленген сыни ойлауды, зерттеу дағдыларын және пәндерді тұжырымдау арқылы түсінуді дамытуға бағытталған. Cambridge бағдарламасы бірнеше деңгейден тұратын алға жетелейтін жол болып табылады. Әр деңгейдегі оқу бағдарламасының өзіндік мақсаттары мен міндеттері бар.

Кембридж оқу бағдарламалары академиялық адалдық пен сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін University of Cambridge университетінде дайындалған.

НЕЛІКТЕН TAMOS SPACE SCHOOL CAMBRIDGE БАҒДАРЛАМАСЫ? 

Халықаралық тану: Cambridge Assessment International Education берген дипломдар мен сертификаттарды әлемдік университеттер, жұмыс берушілер және білім беру мекемелері кеңінен таниды және бағалайды. Бұл  бүкіл әлемдегі университеттерге түсер кезде біздің студенттерге бәсекелестік жолында мол мүмкіндік  береді. 9-сыныпты бітіргеннен кейін біздің студенттер әлемдегі ең танымал жасөспірімдерге арналған біліктілік емтихандарын, яғни Кембридж IGCSE емтихандарын тапсырады.

Пәндердің кең таңдауы: Cambridge бағдарламасы студенттерге қызығушылықтары мен болашақ мансап жоспарларына сәйкес келетін пәндерді таңдауға мүмкіндік беретін пәндердің мол таңдауын ұсынады.

Кәсіби мұғалімдер: Кембридж бағдарламасы бойынша пәндерді басқаратын біздің барлық ұстаздарымыз Кембридждің халықаралық сертификаттарына, Кембридж емтихан алушыларының мәртебесіне ие, Вьетнам, Тайланд, Ұлыбританиядағы халықаралық мектептерінде жұмыс тәжірибесі бар.

Дағдыларды дамыту: Cambridge бағдарламасы біздің оқушыларымызға тек оқуда ғана емес, сонымен қатар оларды мектептен тыс өмірге дайындайтын жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуды мақсат етеді.

Екі тілді бағдарлама: бізде мектепте екі тілді оқыту бағдарламасы жүзеге асырылады, бұл Cambridge шеңберіндегі пәндерді ағылшын тілінде, сондай-ақ мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бағдарламасының пәндерін оқуды білдіреді. Бұл көп тілдік дағдылар мен мәдени құзыреттілікті дамытудың бірегей мүмкіндігі.

Tamos Space School-дағы Кембридж бағдарламасының көмегімен сіздің балаларыңыз білім алады, бұл бағдарлама олардың алдында жаңа белестер ашады және болашағы мол табысты мансапқа дайындайды.