Tamos Space School — біздің астанамыздағы жаңа жеке меншік ғарыштық технологиялар мектебі.
Мектептің ерекшелігі — мұнда финдік білім беру жүйесі енгізілген. Сонымен қатар, Tamos Space School-да ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады және IT бағытқа басымдық беріледі.
Білім беру тәсілінің орталығында — оқушы, оның қызығушылықтары мен қабілеттері. Бұл қасиеттер бастауыш сыныптан бастап ата-аналар, мұғалімдер мен психологтардың бірлесуімен анықталып, дамытылады.
Tamos Space School-да оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, ал болашақта мектепте ағылшын тілінде де сабақтар өткізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта мектепте 330 оқушы білім алуда, олар — 0-ден 6-сыныпқа дейінгі балалар