TAMOS SPACE SCHOOL мектебі мектепке дейінгі білім беру және бастауыш мектеп бағдарламасының (IB PYP) кандидаты мәртебесін алды.
PYP бағдарламасы Халықаралық Бакалавриаттың (IB) төрт бағдарламасының бірі болып табылады және 3 жастан 12 жасқа дейінгі оқушыларға арналған.
Бағдарлама баланы зерттеуші ретінде — сыныпта да, сыртқы әлемде де тәрбиелеуге бағытталған. Бағдарламаның негізін алты пәнаралық тақырыптар құрайды, олар алты пән саласында алынған білім мен дағдыларды қолдану арқылы оқытылады.
Халықаралық бакалавриат (IB) - бұл түлектерді әлемнің үздік университеттеріне түсуге дайындайтын білім беру бағдарламасы. Халықаралық Бакалавриат ұйымы (IBO) 1968 жылы Женевада ЮНЕСКО-ның қолдауымен құрылды. Оның миссиясы - әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын ізденімпаз, білімді және болашаққа бей-жай қарамайтын жастарды тәрбиелеу.