Cambridge Assessment International Education - халықаралық білім беру бағдарламаларын ұсынатын әлемдегі ең ірі ұйым. Кембридждің халықаралық оқу бағдарламалары 160 елдегі 10,000-нан астам мектептерде қолданылады және оларды бүкіл әлемдегі университеттер, білім беру ұйымдары және жұмыс берушілер ресми түрде мойындайды. Tamos Space School аккредитациядан өтті: Cambridge Lower Secondary, IGCSE and a-levels. Мектепті бітіргеннен кейін біздің оқушылардың  қос АТТЕСТАТ алуға мүмкіндігі бар:

  1. Орта мектепті бітіргені туралы қазақстандық аттестат
  2. Cambridge IGCSE бағдарламасының халықаралық дипломы

Қос аттестаттың біздің оқушыларды қамтамасыз ету мүмкіндігі:

  • Ағылшын тілін еркін меңгеру
  • Әлемнің 100-ден астам елінің университеттеріне "IELTS", "SAT" және т. б.  тілді білу сияқты қосымша емтиханын тапсырусыз түсу мүмкіндігі.
  • "AP" немесе "Foundation"сияқты қосымша курстарсыз ана тілінде сөйлейтіндермен тең түсу.

 

Souncil of International Schools - білім берудегі жоғары стандарттар мен жетістіктерді ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал жаһандық ұйым. Оған табысты тұлғаларды, техникалық, басқарушылық және көшбасшылық білімі жоғары мамандарды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін әлемдегі ең жақсы мектептер кіреді.

CIS аккредиттелген мектеп түлектеріне қызығушылық танытатын әлемдегі ең жақсы 100 университетпен серіктес. Төрт драйвер негізінде мектептің білім беру және тәрбие қызметін жүзеге асырудың тиімділігін қатаң бақылау (4 key drivers):

  1. Өзінің мәлімделген мақсаты мен бағытын орындау (мектептің миссиясы, ПАЙЫМЫ, құндылықтары мен стратегиялық міндеттері)
  2. Оқушыларды тиімді оқытуды қамтамасыз ету
  3. Оқушылардың әл-ауқатын жақсарту (student well-being)
  4. Жаһандық азаматтықты дамыту (Global Citizenship)

Біздің мұғалімдеріміз, қызметкерлеріміз, ата-аналарымыз және оқушыларымыз халықаралық аккредиттеуден өту тәжірибесіне ие болады және өздері  халықаралық білім беру стандарттарынан  өте алады. Мектептің CIS халықаралық аккредитациясынан сәтті өтуі үшін "мақсат пен бағыт", "басқару және көшбасшылық", "оқу бағдарламасы", "оқытуды оқыту және бағалау", "оқушылардың әл-ауқаты", "персонал", "Инфрақұрылым, материалдық база, технологиялық жүйелер және қосымша  қызметтер   және" Қоғамдастық пен отбасы серіктестігі" бойынша 8 бағыттағы өзін-өзі бағалауды жүргізу қажет.


Massachusetts Institute of Technology - QS университеттері рейтингінде бірінші орын алатын әлемдегі ең беделді техникалық оқу орындарының бірі.

Біздің мектеп пен MIT арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Қаңтар мен ақпан айлары аралығында мектепте Массачусетс технологиялық институтының оқушылары – Джессика Ву мен Сангита Васикаран тағылымдамаларынан өтті. MIT студенттері оқушыларға өз мамандықтары бойынша сабақтар өткізді (scince, digital). Сондай – ақ, Қазақстанда болған кезінде студенттер шетелдік жоғары оқу орындарына түсу мәселелері бойынша, атап айтқанда, АҚШ-тың ең үздік технологиялық жоғары оқу орны-MIT-те қалай оқуға болатындығы туралы бірқатар презентациялар өткізді.


 

ROYAL International Bilingual School - Вьетнамдағы Кембридждің екі тілді білім беру бағдарламасын ұсынатын заманауи халықаралық мектеп.

Royal International Bilingual School-мен бірлесе отырып, серіктес мектеп оқытушыларының (native speaker) ағылшын тілін бірлесіп оқытудың онлайн сабақтары, сондай-ақ мектеп оқушыларымен бірге тақырыптық сынып сағаттары өтеді. Royal School, әр түрлі елдердің оқушылары арасындағы мәдени және ақпараттық мәселелерді алмасуға бағытталған.