"Болашақ" бағдарламасының түлегі. 2013 жылы Белфаст Корольдік университетінде (Ұлыбритания) "Educational Leadership"мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Білім беру саласында 13 жылдық жұмыс өтілі бар. 2009 жылы ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істей бастады. 2010-2018 жылдары Назарбаев Зияткерлік мектебі жүйесінде жұмыс істеді, ағылшын тілі мұғалімі, директордың сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ, халықаралық мектепті басқаруда 4 жылдық жұмыс өтілі бар. 2018 жылдан 2022 жылға дейін Vinschool Central Park, (Хошимин, Вьетнам), Кембридж бағдарламасы бойынша директордың орынбасары, халықаралық аккредиттеу жөніндегі директор, сондай-ақ мектеп директоры болып жұмыс істеді.
Мансап барысында әртүрлі халықаралық курстар, соның ішінде CIS және Cambridge Assessment International Education курстары, сондай-ақ шетелдік тағылымдамалардан өткен. Халықаралық білім беру конференцияларында бірқатар ғылыми еңбектері мен сөз сөйлеу тәжірибесі бар.
НЗМ ДББҰ Басқарма төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған.