2021 жылы Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінде (РФ) "педагогикалық білім" бағыты бойынша магистр дәрежесін алды. Пермь қаласындағы әлеуметтік технологиялар гимназиясында тағылымдамадан өтті.

Білім беру саласында 18 жылдық жұмыс өтілі бар. 2002 жылы Қазақ және француз тілдерінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады. 2013-2018 жылдары №67 лингвистикалық гимназияда мұғалім, кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2018-2022 жылдары Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 мектепте директордың инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Мансап барысында әртүрлі халықаралық курстар мен тағылымдамалардан өтті:

"Балалардың дарындылығы, зерттеу және жобалық оқыту мәселелері" (ММУ, Педагогика және психология факультеті);

"Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету";

"Білім берудегі жаңа технологиялар және көптілділікті енгізу";

"Білім берудегі бағалау критерийлері" (Француз Альянсы қауымдастығы);

"Білім беру процесінің сапасын арттырудың тиімді құралдары: мектептердегі цифрлық инфрақұрылым және PISA халықаралық зерттеуі шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен оқыту әдістерін дамыту" (Nordic International University);

ҚР Білім вице-министрінің, сондай-ақ Астана қаласы Білім басқармасының атынан алғыс хаттармен марапатталған.