2002 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Физика және информатика"мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. "Педагог-сарапшы"санаты бар.

23 жылдық жұмыс өтілі бар, оның ішінде 20 жыл педагог ретінде, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

1998 жылы СҚО Жамбыл ауданының орта мектебінде физика және информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады. 2004-2007 жылдары мемлекеттік басқару жүйесінде және "Қазпошта" АҚ-да жұмыс істеді. 2008 жылдан 2015 жылға дейін "Өрлеу "БАҰО" ФАО жүйесінде жұмыс істеді, аға оқытушы, Ақпараттық технологиялар кабинетінің меңгерушісі лауазымдарын атқарды. 2015-2021 жылдар аралығында Петропавл қ. НЗМ АҚ-да жұмыс істеді. 2021-2023 жылдары Астана қаласындағы БИНОМ мектебінің оқу бөлімі бойынша директордың орынбасары болды.

Мансап барысында әртүрлі курстардан өтті, соның ішінде:

* "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалімнің көшбасшылығы"педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру;

* "Тиімді оқыту"педагог кадрлардың біліктілігін арттыру;

* "Робототехника"элективті курсы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша жаттықтырушыларды оқыту;

* жаңартылған мазмұн шеңберінде "жобалық қызмет" пәні бойынша жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;

* Оңтүстік Кореяның білім беру ұйымдарында e-learning электрондық оқыту жүйесін енгізу.

* білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу.

Робототехника бойынша сертификатталған жаттықтырушы.