2002 жылы Инновациялық Еуразия университетін (Павлодар қ.) "әлеуметтік саладағы және салалардағы Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша, 2007 жылы Павлодар мемлекеттік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

HR саласында 15 жылдық жұмыс өтілі бар: 2009 жылдан 2019 жылға дейін мемлекеттік және жеке құрылымдарда әртүрлі лауазымдарда (соның ішінде басшылық) қызмет атқарды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде 5 жыл жұмыс істеді.

2019 жылдан 2021 жылға дейін "Делойт ТСФ"компаниясының қаржы департаментінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2023 жылы "білім беру процесінің сапасын арттырудың тиімді құралдары: мектептердегі цифрлық инфрақұрылым және PISA (Nordic International University) халықаралық зерттеуі шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен оқыту әдістерін дамыту" тақырыбында оқытудан өтті.

Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының Алғыс хатымен (2011 ж.), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хатымен (2013 ж.), "KPI нәтижелері бойынша үздік бөлімге" Алғыс хатымен (2016 ж.), Астана қаласы Есіл өз. әкімінің Алғыс хатымен (2023 ж.) марапатталған.