2008 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ- "Халықаралық қатынастар"мамандығы бойынша бітірді.
11 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеді: 2008 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде (ҚР Президентінің баспасөз қызметі) қызмет атқарды, ҚР Ұлттық Банкінде сыртқы коммуникациялар бөлімін басқарды.
Ол ЕҚЫҰ-ның президенттік сайлауды бақылау жөніндегі шетелдік миссияларының құрамында болды. Гумилев атындағы ЕҰУ-да "дипломатиялық хаттама және этикет" пәні бойынша оқыту тәжірибесі бар.
Ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге қатысқаны үшін ҚР мемлекеттік органдарының басшыларынан алғыс хаттар алды.