Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Дефектолог - логопед" мамандығы бойынша үздік бітірген. "Педагог-дефектолог"біліктілігі бойынша білім беру саласында магистр академиялық дәрежесі бар. Алматы қаласы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде екінші жоғары білім кафедрасында "Лингвист-аудармашы"мамандығы бойынша үздік диплом алды.
2005-2016 жылдар аралығында Алматы қаласының білім беру мекемелерінде логопед, сондай-ақ ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. 2017 жылдан 2021 жылға дейін Астана қаласы Халықаралық мектебінің логопеді болды. The Swiss American Academy(SAA Switzerland) kids EMS training course (2018 Leysin, Switzerland), Халықаралық бакалавриат бағдарламасы (PYP Cat1 Nur-Sultan 2021) бойынша оқыған және сертификаттары бар.
ISN Kindergarten 2019 жылғы "сөйлеуді дамыту" пәні бойынша бағдарламаның бірлескен авторы.
Isn School басшылығының, сондай-ақ НЗМ ДББҰ Басқарма төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған.